14 қыркүйек 2021 15:38

Ресей президенті оқшауланады

Дина Шарипханова Корреспондент

Ресей президенті Владимир Путин оқшаулану режимін сақтау керегін айтты. Бұл туралы Кремль сайтындағы ақпаратта айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей президенті Владимир Путин оқшаулану режимін сақтау керегін айтты. Бұл туралы Кремль сайтындағы ақпаратта айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Владимир Путин Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Владимир Путин араласқан адамдары арасында коронавирус жұқтырғандар анықталуына байланысты белгілі бір уақытқа өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы керек екенін айтты", - делінген Кремль хабарламасында.

Осыны ескере отырып, Путин Душанбеде жоспарланған ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына, ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына және ҰҚШҰ басшыларының бірлескен отырысына бейнеконференция арқылы қатысатыны айтылды.

Реклама
Реклама

13 қыркүйекте Владимир Путин Кремльде ресейлік Паралимпиада спортшылармен кездесу өткізген. Онда жиналғандардың көпшілігі COVID-19 жұқтырғаны анықталған және жақын арада оның өзі карантинге кетуіге мәжбүр болатынын жоққа шығармады.

"Өкінішке қарай, бізде де қазір ... дәрігерлер тексеріп жатыр ... Тіпті менің жағдайымда да коронавируспен қатысты проблемалар туындайды. Онда не болып жатқанын анықтауымыз керек. Мен де тез арада оқшаулануым керек болады. Көп адам аурып жатыр", - деді Ресей президенті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram