Ресей тұрғыны бұрынғы әйелі мен екі баласын тірідей өртеп жібермек болған

Ресей тұрғыны бұрынғы әйелі мен екі баласын тірідей өртеп жібермек болған Фото irk.kp сайтынан

Ресейде Сотниково ауылының тұрғыны бұрынғы әйелі мен екі баласын үйге қамап, тірідей өртеп жібермек болған, - деп хабарлайды "Комсомольская правда".

Ресейде Сотниково ауылының тұрғыны бұрынғы әйелі мен екі баласын үйге қамап, тірідей өртеп жібермек болған, - деп хабарлайды "Комсомольская правда".

Ер адам ұзақ уақыт бойы бұрынғы әйелін қайтарғысы келген, бірақ жұбайы келіспепті. Бір күні ол әйелінің үйіне мас күйінде барып, қорқыта бастаған. Бұрынғы әйелі оны қуып жіберген, кек алу үшін ер адам аулада жатқан талшықты өртеп, диванға лақтырып жіберген. Бұған қоса, ол бұрынғы әйелі мен балалары қашып шықпауы үшін үйдің есіктерін тормен және тақтаймен бекітіп тастаған.

Келіншектің айтуынша, күйеуі тығылуды да ойламай, күліп, өртті тамашалаған. Сол кезде өртеніп жатқан үйге жақын жерде болған студенттер көмекке келген. Олар есікке бекітілген торларды ағытып, әйел мен балаларды шығарған.

Реклама
Реклама

Зардап шеккен әйел бұл үйді ана капиталынан түскен қаражатқа салғанын, қазір баспанасы жоқ екенін айтты. Анасы мен балаларын достары паналатқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама