ПОДЕЛИТЬСЯ
02 наурыз 2022 | 17:50
Ресей-Украина келіссөздерінің екінші кезеңі 2 наурызда өтеді
Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі 2 наурызда кешке өтеді. Бұл туралы "Суспильный" басылымына президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Келіссөздер бүгін кешке өтеді. Бұл екінші кезең болады. Менің ойымша, бәрі бұрынғыдай қалады. Ештеңе өзгермейді. Біз өз дегенімізде тұрамыз. Құрам да сондай", - деді ол.
Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның айтуынша, Украина мен Ресей өкілдерінің алғашқы кездесуінде ресейліктердің талаптары өзгеріссіз қалған. Ол - Путин Украинадағы оқиғалар басталғанға дейін айтқан талаптар.
"Қазір келіссөздерге, дипломатияға дайынбыз, бірақ ешқашан ресейлік ультиматумды құптамаймыз", - деді министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также