30 қазан 2022 | 09:43

Ресей Украинаға астық экспорттауға мүмкіндік берген келісімді тоқтатқанын мәлімдеді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
pixabay

Ресей Украинаға Қара теңіз порттарынан астық экспорттауға мүмкіндік беретін, халықаралық делдалдық арқылы жасалған мәмілеге қатысуын тоқтататынын мәлімдеді, - деп хабарлайды BBC.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресей Украинаға Қара теңіз порттарынан астық экспорттауға мүмкіндік беретін, халықаралық делдалдық арқылы жасалған мәмілеге қатысуын тоқтататынын мәлімдеді, - деп хабарлайды BBC.

Бұл Ресей Украинаны Қырымдағы Севастополь қаласы Қара теңіз флотына жаппай дрон шабуыл жасады деп айыптағанына бірнеше сағат өткен соң болды.

"Ресей тарапы "Қара теңіз бастамасына" қатысатын азаматтық құрғақ жүктің қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайды және оны жүзеге асыруды бүгіннен бастап белгісіз мерзімге тоқтатады. Украиналық азық-түлікті тасымалдауды бақылайтын Ыстамбұлда орналасқан бірлескен үйлестіру орталығындағы Ресей өкілдеріне тиісті нұсқаулар берілді", - делінген Ресей СІМ мәлімдемесінде.

Реклама
Реклама

Ресей Қорғаныс министрлігі сенбідегі шабуылда пайдаланылған дрондар астық мәмілесіне қатысты кемелерге бағытталғанын айтты. Министрлік мәліметінше, бір кемеге шамалы зақым келген.

БҰҰ өкілі Түркиямен келісімге делдал болған ұйым Мәскеумен байланыста екенін айтты. Ол "барлық тараптың Қара теңіздегі астық бастамасына қауіп төндіретін кез келген әрекеттен бас тартуы маңызды" екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, келісім Украинаға қақтығыс басталғаннан кейін қиындық туғызған Қара теңізден астық экспортын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Экспортты БҰҰ бас хатшысының өзі келісіп, мұны жаһандық азық-түлік дағдарысын жеңілдетуге көмектескен ірі дипломатиялық жеңіс ретінде атап өткен еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная