22 қыркүйек 2021 16:21

Ресейде Ан-26 ұшағы радардан жоғалып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

Ан-26 ұшағы Ресейдің Хабаровск өлкесінде радардан жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ан-26 ұшағы Ресейдің Хабаровск өлкесінде радардан жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Ан-26 бортында алты адам болған.

"Хабаровск оңтүстік-батысында 38 шақырым жерде бортында алты экипаж мүшесі бар Ан-26 ұшағы радардан жоғалып кетті", - деді агенттікке төтенше жағдайлар қызметінің өкілі.

Реклама
Реклама

Хабаровск әуежайынан жоғалған ұшақты іздеу үшін Ми-8 тікұшағы шыққан. Ан-26 байланыс құралдарының жұмысын тексеру үшін техникалық ұшу орындағаны хабарланды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ "Летные проверки и системы" Жабық акционерлік қоғамына тиесілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram