Ресейде апатқа ұшыраған Ан-26 ұшағының экипажы қаза тапқан

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:27.mchs.gov.ru

Хабаровск өлкесінде Ан-26 ұшағы құлаған жерден экипаж мүшелері өлі табылды, олардың бәрі қаза болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Хабаровск өлкесінде Ан-26 ұшағы құлаған жерден экипаж мүшелері өлі табылды, олардың бәрі қаза болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Мәскеу уақытымен сағат 10.55-те (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 13.55) Ан-26 апат орнына алғашқы іздестіру тобы шықты. Экипаждың барлық мүшесі қаза болды, мәйіттері табылды", - деді агенттікке төтенше жағдайлар қызметінің өкілі.

Хабаровск маңында жоғалып кеткен Ан-26 ұшағының сынықтары Большехехцир мемлекеттік табиғи қорығы жотасының жоғарғы жағында табылған.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Ан-26 ұшағы Ресейдің Хабаровск өлкесінде радардан жоғалып кеткені хабарланған болатын. Ведомство мәліметінше, Ан-26 бортында алты адам болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама