ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 12 мамыр 2022 16:48
Ресейде әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды
Хабаровск аймағындағы әскери бөлім аумағында жарылыс болды, - деп хабарлайды CGTN.
"Хабаровский край сегодня" агенттігіне жергілікті әкімшілік берген ақпарат бойынша, оқиға салдарынан алдын ала мәлімет бойынша бір адам қаза тапқан. Бүгінде оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
"Төтенше жағдайдың алдын ала себебі - жарылыс қаупі бар заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар қызметі өкілінің мәліметінше, Хабаровск аймағындағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс себебі жарылғыш заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу болуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу