24 маусым 2022 10:51

Ресейде әскери ұшақ құлады

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Ил-76 әскери ұшағы Рязань маңында құлады. Оқиға салдарынан қаза тапқандар бар, бірнеше адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW.com сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ил-76 әскери ұшағы Рязань маңында құлады. Оқиға салдарынан қаза тапқандар бар, бірнеше адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW.com сайтына сілтеме жасап.

Ил-76 ұшағы Орынбордан Белгородқа шыққан, ал Рязаньда жанармай құю жоспарланған.

Реклама
Реклама

Апат кезінде бортта 9 адам болған, оның үшеуі қаза тапты. Борттан барлық адам шығарылып, медициналық мекемелерге жеткізілген.

"24 маусымда Ил-76 әскери ұшағы Рязань облысына қонды. Жүксіз оқу-жаттығу рейсін орындау кезінде қозғалтқышта ақау анықталған соң, қону туралы шешім қабылданды. Жерге жақындағанда ұшақ жартылай құлады", - делінген РФ Қорғаныс министрлігі хабарламасында.

Апаттан кейін өрт басталған, бірақ ол толық сөндірілген.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram