ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қыркүйек 2021 | 18:05
Ресейде AstraZeneca вакцинасы шығарыла бастады
Ресейдің фармацевтикалық "Р-Фарм" компаниясы экспорт жасау мақсатында Оксфорд университеті мен AstraZeneca лицензиясы бойынша коронавирусқа қарсы вакцина шығаруды бастады. Бұл туралы журналистерге Ресей Өнеркәсіп және сауда министрлігі басшысының бірінші орынбасары Василий Осьмаков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Ресейде шетелдік вакциналар қазірдің өзінде шығарыла бастады, "Р-Фарм" компаниясында AstraZeneca экспорт келісімшарттары бойынша шығарылады", - деді Осьмаков.
"Ішкі нарыққа келетін болсақ, өз өнімімізбен толық қамтылғанбыз. Бәрі мүмкін, әсіресе болашақта. Бірақ қазір сұраныстың артуына байланысты өзіміздің өндірістік қондырғылармен жұмыс жасаймыз, өз өндірісімізді қолдаймыз", - деп қосты ол
"Р-Фарм" бас директоры Василий Игнатьев мамырда РИА Новостиге берген сұхбатында компания Оксфорд университеті мен AstraZeneca лицензиясы бойынша маусымда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші партиясын шығаруды жоспарлап отырғанын айтқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также