01 сәуір 2022 13:04

Ресейде белгісіз тікұшақтар мұнай базасына оқ жаудырды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: instagram.com/belgorod.city

Ресейдің Белгород қаласындағы мұнай базасында өрт шықты. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің Белгород қаласындағы мұнай базасында өрт шықты. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Белгород губернаторы Вячеслав Гладков мәлімдеді. Саясаткер әуе соққысына Украина қарулы күштерін айыптады.

Реклама
Реклама

"Мұнай базасында Украина қарулы күштері екі тікұшағының әуе соққысы нәтижесінде өрт шықты. Олар Ресей аумағына төмен биіктікте кірген. Зардап шеккендер жоқ", - деп жазды губернатор Telegram-арнасында.

"Төтенше жағдайлар министрлігі өртті тез арада ауыздықтауға тырысып жатыр. Оқиға орнына барлық төтенше жағдайлар қызметі аттанды, 170-тен астам адам және 50 техника жұмылдырылды. Өртті жою шаралары жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға қауіп жоқ", - деп жазды ол.

Губернатордың айтуынша, екі қызметкер зардап шеккен. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілген, өміріне қауіп жоқ. Сондай-ақ, ол Почтовая, Макаренко және Константин Заслонов көшелеріндегі тұрғындарды "қауіпсіз жерге" көшіру басталғанын айтты.

Айта кетейік, Украина қарулы күштері әзірге ресми пікір білдірген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram