ПОДЕЛИТЬСЯ
10 сәуір 2020 | 17:26
Ресейде бір тәулікте 1 800-ге жуық адам COVID-19 жұқтырған
Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны 1 786 адамға жетті, - деп хабарлайды Lenta.ru.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны 1 786 адамға жетті, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Бұл туралы Ресейдің жедел штабының Telegram-каналында айтылады.
Жедел штабтың мәліметінше, вирус жұқтырғандардың көбі Мәскеуде тіркелген. Онда 1 124 адам COVID-19 жұқтырған.
Сондай-ақ, бір тәулікте коронавирустан қайтыс болғандардың саны 18-ге жеткені айтылады. Ал вирустан жазылғандардың саны - 97.
Дереккөз мәліметінше, бүгінде Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны - 11 917. Ал көз жұмғандардың саны - 94, сауыққандардың саны - 795.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также