20 қыркүйек 2020 | 11:25

Ресейде бір тәулікте 6 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған

Өткен тәулікте Ресейде COVID-19 жұқтырған 6065 науқас анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өткен тәулікте Ресейде COVID-19 жұқтырған 6065 науқас анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Сондай-ақ, 144 адамның қайтыс болып, 5255 адамның ауруханадан шығарылғаны айтылады.

Реклама
Реклама

Осылайша, күнделікті коронавирус жұқтыратын науқастардың саны 19 шілдеден бері алғаш рет алты мыңнан асып отыр.

Вирусты ең көп жұқтырғандар Мәскеуде анықталған – 825 адам.

Тағы 212 жағдай Санкт-Петербургте, 180 – Ростов облысында тіркелді.

Пандемия басталғаннан бері Ресейде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 1 097 251-ге жетті, 19 339 адам қайтыс болды, 906 462 адам сауығып шықты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметі бойынша әлемде 30 миллионнан астам COVID-19 жұқтырған адам бар, 943 мың адам қайтыс болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная