04 маусым 2020 | 15:13

Ресейде бір тәулікте 9 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған

© REUTERS

Ресейде бір тәулікте 8831 адам COVID-19 жұқтырған. Бұл туралы коронавирус инфекциясына қарсы жедел штаб мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде бір тәулікте 8831 адам COVID-19 жұқтырған. Бұл туралы коронавирус инфекциясына қарсы жедел штаб мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оның ішінде Мәскеуде - 1998 адам, Подмосковьеде - 767 адам, Санкт-Петербургте - 375 адам, Нижегородск облысында - 319 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Коронавирус анықталған 3374 адамда ауру белгілері жоқ. Бір тәулікте 169 адам қайтыс болған. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, worldometers мәліметі бойынша, Ресей дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша үшінші орында. Елде коронавирус пандемиясы басталғалы жалпы 441 108 адам COVID-19 жұқтырған. Оның ішінде 204 623 адам аурудан айықса, жалпы 5384 адам қайтыс болған.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram