12 мамыр 2022 | 15:14

Ресейде бұрынғы министр Улюкаев колониядан шартты түрде босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Алексей Улюкаев. Фото ©РИА Новости

Ресейдің бұрынғы экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына байланысты Тверьдегі колониядан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің бұрынғы экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына байланысты Тверьдегі колониядан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы SOTA порталының Twitter-парақшасына жарияланды. Улюкаев №1 түзеу колониясында жазасын өтегені айтылды. Экс-министрді колония аумағынан джип көлігіне отырғызып алып шыққан. Улюкаевтың өзі журналистермен сөйлеспеген.

Реклама
Реклама

Бұған дейін 27 сәуірде Тверь қаласының Мәскеу аудандық соты Улюкаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырған болатын. Сот шешімі туралы хабарлама экс-министрге 28 сәуірде тапсырылған.

Еске салайық, Улюкаев Ресей тарихында жемқорлық ісі бойынша ұсталған алғашқы федерал министр болды. Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің экс-басшысы 2017 жылы "Роснефть" өкілдерінен 2 миллион доллар көлемінде пара алу кезінде ұсталған. Улюкаев өзіне тағайындалған бас бостандығынан айыру мерзімінің шамамен 5,5 жылын өтеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная