25 қараша 2022 09:05

Ресейде ер адам атыс шығарды: қаза болғандар бар

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ресейдің Крымск қаласында 60 жастағы ер адам сауда орталығының жанынан өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырған. Қазіргі уақытта төрт адам қаза тауып, бір адам жараланғаны белгілі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Mash Telegram-арнасының мәліметінше, атыс шығарған Владимир Жиров жақында ғана бұрынғы әйелімен үйге таласып соттасып, соттан жеңіліп қалғанын, одан кейін өш алу мақсатында әйелінің артынан аңдып, осы сауда орталығына дейін қуып келгенін жазған.

Әйел сауда орталығына жүгіріп кіріп, көмек сұраған.

Реклама
Реклама

"Ер адам әйелге көмектесуге тырысқан 3 адамды атып тастады", - делінген хабарламада.

Бірқатар БАҚ тұрғындарға оқ атқан адамның өзі де өлгенін жазды. Өңірлік прокуратура тексеріс жүргізіп жатыр.

"Оқиға орнында Крымск ауданаралық прокурорлары жұмыс істеп, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram