Ресейде губернатор коронавирус жұқтырды

Фото: ©РИА Новости

Алтай өлкесінің губернаторы Виктор Томенко екі жақты пневмониямен өңірдегі клиникалық ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Алтай өлкесінің губернаторы Виктор Томенко екі жақты пневмониямен өңірдегі клиникалық ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Жексенбі, 27 қыркүйекте Алтай өлкесінің губернаторы Виктор Томенко екі жақты пневмониямен өңірдегі клиникалық ауруханаға жатқызылды. Осыған дейін ол үйде коронавирустан емделді. Қазіргі таңда Виктор Томенконың тесті коронавирусқа теріс нәтиже көрсетті", - делінген Telegram-дағы аймақтың каналында.

Сейсенбіде губернатордың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Өлкенің үкіметін басқару қашықтан жүргізіледі. Виктор Томенконың қатысуымен өтетін шаралар келесі 10-14 күнге тоқтатылды.

Реклама
Реклама

Кейін губернатор Instagram-дағы жеке парақшасында видео жариялады. Онда ол басы ауыратынын, дене температурасы 38 градусқа дейін көтерілгенін айтты. Алайда Томенко өзін жақсы сезінетінін атап өтті.

Сондай-ақ, аймақ басшысы өз оқырмандарына денсаулығын күтіп жүруге, дәрігерлерге уақытында баруға кеңес берді.

Айта кетейік, ресми дерек бойынша Ресейде 1 159 573 адам COVID-19 жұқтырған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама