14 наурыз 2022 08:54

Ресейде Instagram бұғатталды

Дина Шарипханова Корреспондент
©REUTERS

Ресейде Instagram әлеуметтік желісі бұғатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде Instagram әлеуметтік желісі бұғатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы киберқауіпсіздік пен Интернетті бақылайтын Netblocks ұйымы хабарлады.

Қазіргі деректер Instagram Ресейдегі бірнеше провайдер бойынша шектелгенін көрсетеді.

Реклама
Реклама

Netblocks  Instagram-ға үкімет енгізген Интернет шектеулері әсер етпейтін VPN қызметтері арқылы жанама түрде қолжеткізуге болатынын қосты. Дегенмен, қолданушылардың көпшілігі VPN бағдарламасына қолжеткізе алмайды және бұл шара нәтижесінде Ресейде Instagram-ды қолдану айтарлықтай төмендейді деп күтіледі.

Еске салайық, Ресей Meta-ның шектеулерінен кейін Instagram-ды бұғаттау туралы шешім қабылдаған болатын.

Осыдан кейін Ресей бас прокуратурасы соттан Meta-ны экстремистік ұйым деп тануды сұрады. Роскомнадзор бас прокуратура талабы бойынша Instagram-ды бұғаттау туралы шешім қабылдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram