29 қазан 2020 | 12:48

Ресейде жарқанаттан коронавирус анықталды

Фото: zoozone.ue

Ресейде Тұтынушылардың құқығын қорғауды қадағалау қызметі жарқанаттан коронавирус анықтады. Бірақ вирустың қай түрі екенін айтуға әлі ерте, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейде Тұтынушылардың құқығын қорғауды қадағалау қызметі жарқанаттан коронавирус анықтады. Бірақ вирустың қай түрі екенін айтуға әлі ерте, - деп хабарлайды РИА Новости.

Тамыздың соңында Тұтынушылардың құқығын қорғауды қадағалау қызметі Ресейдің әр аймағын мекендейтін жарқанаттардан коронавирус анықтау үшін зерттеу жұмыстарын бастаған. Жоба вирустың таралу жолы мен эпидемиологиялық қаупін анықтауға көмектесу керек.

Реклама
Реклама

"Ресейде мекендейтін жарқанаттарда коронавирус (қандай екені әзірге белгісіз) бар. Қандай екені зерттеледі. Зерттеу барысында басқа да вирустар (коронавирус емес) тізбегінің геномдық бірізділігі анықталды", - деді Тұтынушылардың құқығын қорғауды қадағалау қызметі Орталық зерттеу-ғылыми орталығының геномика және постгеномикалық зерттеулер тобының жетекшісі Анна Сперанская.

Маман вирусты адамға жұқтыру қаупі жағынан түлкі, кірпі секілді жабайы жануарларға қарағанда жарқанаттар аса қауіпті емес екенін атап өтті. Тек адам өзіне жұқтырмауы үшін жарқанатты және ол жүрген жерді ұстамауы керек екен.

Жарқанаттарды зерттеу әлі екі жылға созылады дейді.

Еске салайық, 2019 жылдың соңында Қытайдың Ухань қаласында COVID-19 вирусы анықталған болатын. Оны жарқанаттар таратты деген ақпарат та тараған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная