29 шілде 2024 | 16:47

Ресейде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

видео кадры

Ресейде Қазан-Адлер пойызы жүк көлігімен соқтығысып, рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейде Қазан-Адлер пойызы жүк көлігімен соқтығысып, рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сағат 12:40 шамасында полицияға КамАЗ автокөлігі мен жолаушылар құрамы Котельниково фермасы маңындағы теміржол өткелінде Қазан - Адлер қатынасымен соқтығысқаны туралы хабарлама келді. Жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына Котельников ауданы бойынша Ресей ІІМБ қызметкерлері және Волгоград облысы бойынша Ресей ІІМ ММ басшылығы барды. Оқиғаның барлық жағдайы анықталып жатыр", - деді Ресей ІІМ ресми өкілі Ирина Волк.

Ресейлік БАҚ бірнеше вагонның қапталда жатқаны көрінген видеоларды жариялады.

Реклама
Реклама



Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, 8 вагон рельстен шығып кеткен. Зардап шеккендер эвакуацияланып жатыр. Оқиға орнында 324 маман мен 109 техника жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің 2 Ми-8 тікұшағы ұшуға дайын.

Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлады.

БАҚ өз дереккөздеріне сілтеме жасап, көптеген зардап шеккендер туралы хабарлады, бірақ бұл туралы әлі ресми ақпарат жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная