11 тамыз 2022 | 08:31

Ресейде журналист Марина Овсянникова қамауға алынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ресей Бірінші арнасының бұрынғы қызметкері Марина Овсянникова ресейлік армияның "беделін түсіргені" үшін қамауға алынды. Бұл туралы оның адвокаты Дмитрий Захватов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресей Бірінші арнасының бұрынғы қызметкері Марина Овсянникова ресейлік армияның "беделін түсіргені" үшін қамауға алынды. Бұл туралы оның адвокаты Дмитрий Захватов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір біз тергеушілермен жұмыс істеп жатырмыз. Тергеу басталды", - деді адвокат. Бұған дейін ол журналиске іздеу жарияланғанын хабарлаған болатын.

Оның айтуынша, кәмелетке толмаған екі баласы бар Овсянникованың қамауға алынуын немесе сот басталғанша бостандықта жүруін тергеушілер шешіп жатыр. Бұлтартпау шарасы бойынша сот отырысы 11 тамызда Мәскеудің Басман сотында өтеді.

Реклама
Реклама

"Оған Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 207.3-бабының 2-бөлігінің "е" тармағы бойынша айып тағылды, онда 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Істің қозғалуына Софийская жағалауындағы пикет себеп болды", - деді адвокат РИА Новостиге.

15 шілдеде Овсянникова Мәскеудегі Софийская жағалауына: "Путин - қанішер. Оның сарбаздары - фашист. 352 бала өлді. Сіз тоқтағанша тағы қанша бала өлуі керек?", - деген жазумен шыққан болатын. Бірақ ол кезде полицейлер Овсянникованы ұстамаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная