13 шілде 2022 | 16:43

Ресейде Қазақстанға қант өткізбек болғандар ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:stu.customs.gov.ru

Россельхознадзордың Омбы облысы бойынша басқармасы қызметкерлері ұн мен тыңайтқыш деген желеумен 60 тоннадан аса қантты заңсыз экспорттау дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Россельхознадзордың Омбы облысы бойынша басқармасы қызметкерлері ұн мен тыңайтқыш деген желеумен 60 тоннадан аса қантты заңсыз экспорттау дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2022 жылғы 6 шілдеде "Русско-Полянский" ФМК-да ақ қызылшаның кристалл қант партиясын (29,9 тонна) экспорттау тоқтатылды. Қант партиясы минерал тыңайтқышқа (карбамид) арналған құжаттарға сәйкес экспортқа шығарылған және "Карбамид" (Б сорты) деген жазуы бар ақ полипропилен қаптарға салынған.

"Жүкті тексеру кезінде төгілген қант және қапта қант бар екенін көрсететін таңбалау жапсырмасы табылды. Басқа қаптарды тексеру кезінде оларда қант бары анықталды. Экспортталатын қант партиясының құжаттары болмаған. Партия ұсталды, бұл деректі Омбы кедені тексеріп жатыр", - делінген Россельхознадзор сайтындағы хабарламада.

Реклама
Реклама

Россельхознадзор аумақтық бөлімінің мамандары "Есілкүл" автомобиль және теміржол бекеттерінде биыл 30 маусым мен 8 шілде аралығында шамамен 34 тонна қанттың экспортын тоқтатқаны хабарланды.

Бұған дейін Ресей 2022 жылдың 15 наурызы мен 31 тамызы аралығында қант пен шикі құрақ қантты экспорттауға тыйым салған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная