Ресейде коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша рекорд тіркелді

© REUTERS

Ресейдің 85 аймағында кейінгі тәулікте 19 851 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ресейдің 85 аймағында кейінгі тәулікте 19 851 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Вирус жұқтырғандардың өсімі екінші күн қатарынан төмендеді. Бұл туралы Ресей Федерациясында вирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі шұғыл штабтағылар мәлімдеді. 

Анықталған науқастардың 24,9 пайызында аурудың белгілері болмаған. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ коронавирус жұқтырған 18 616 адамның жазылғаны белгілі болды. 432 науқас көз жұмды - бұл Ресейде коронавирус эпидемиясы басталғаннан бері рекорд көрсеткіш.

Ауру жұқтырғандардың көбі Мәскеуде (4777 адам) тіркелді, одан кейін Санкт-Петербургте (1571 адам), Мәскеу түбінде (701), Нижегородск(414) және Архангельск (338) облыстарында анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама