08 қазан 2020 11:41

Ресейде қоймадағы қару әлі жарылып жатыр

Рязань маңындағы әскери қоймалардағы оқ-дәрілердің жарылу қарқыны бәсеңдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рязань маңындағы әскери қоймалардағы оқ-дәрілердің жарылу қарқыны бәсеңдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

РФ Қорғаныс министрлігіндегілер қазір снарядтар 15-25 минут сайын жарылып жатқанын мәлімдеді. Бұл өрт ортасында болған оқ-дәрінің негізгі бөлігі жойылғанын білдіреді.

Реклама
Реклама

"Ресей Қорғаныс министрлігінің мамандары 2020 жылғы 8 қазанда таңда өрт танкілері мен басқа да брондалған техника арқылы Батыс әскери округіндегі оқ-дәрі қоймасының территориясындағы өрт эпицентрін барлайды", - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге 650-ден аса әскери қызметкер, 194 әскери және арнайы техника, су шашатын ВАП-2 авиациялық құрылғысы бар төрт Ил-76 ұшағы және су шашатын құрылғысы бар үш Ми-8 тікұшағы жұмылды.

Еске салайық, 7 қазанда Рязань облысы Желтухино елді мекенінің аумағында орналасқан Батыс әскери округінің оқ-дәрі қоймасында шөп өртеніп, от артиллериялық оқ-дәрі сақталған алаңға шарпыған. "Каспий" федералды трассасы жабылған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram