Ресейде кір жуғыш машинаның ішінен сәбидің денесі табылды

Ресейде кір жуғыш машинаның ішінен сәбидің денесі табылды © РИА Новости / Евгений Биятов

Саха Республикасында кір жу?ыш машина?а ??ла?ан ?ыз бала ?айтыс болды, деп хабарлады РИА Новости.

Саха Республикасында кір жуғыш машинаға құлаған қыз бала қайтыс болды, деп хабарлады РИА Новости.

Агенттіктің мәліметінше, Сунтар ауылында кішкентай қыз бала су толы кір жуғыш машинаға батып кеткен, тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

"11 мамырда Сунтар ауылында бір жарым жастағы қыздың "Фея" маркалы кір жуғыш машинаның су құйатын бөлігіне құлап, мерт болғаны туралы хабар тергеу органдарына жетті", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тергеудің мәліметі бойынша, 11 мамыр күні кешке қыздың анасы кір жуып жатып, баласын жалғыз тастап, кетіп қалған. Әйел қайта оралғанда кір жуғыш машинаның багында баланың денесі жатқан.

Бұл оқиғаға қатысты барлық тиісті шара атқарылып жатыр, қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталғаннан кейін шешім қабылданады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама