Ресейде мамырдың алғашқы он күні демалыс болады

©РИА Новости

Президент Владимир Путин мамырдағы мерекелер арасындағы жұмыс күндерін демалыс қылу ұсынысына келісті, - деп хабарлайды РИА Новости

Президент Владимир Путин мамырдағы мерекелер арасындағы жұмыс күндерін демалыс қылу ұсынысына келісті, - деп хабарлайды РИА Новости

Бұл идеяны Роспотребнадзор басшысы Анна Попова ұсынған болатын. Оның айтуынша, бұл қазіргі эпидемиологиялық жағдайда дұрыс шешім. 

Путин оған жауап ретінде мамандардың, әсіресе соңғы жылы COVID-19-бен күресетіндердің пікірін тыңдау керегін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Сіздер бұл қажет деп ойласаңыздар, жарайды, солай жасаймыз, бүгін тиісті жарлыққа қол қоямын", - деді ол.

Еске салайық, қазақстандықтар мамырда мерекеге орай 1-3 мамыр аралығында демалады, содан кейін үш жұмыс күнінен соң 7-10 мамыр аралығында тағы да демалыс болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама