19 қараша 2021 | 10:33

Ресейде медбике Аяжан Тәшмағамбетова әріптестерінің қысымына шыдамай өз-өзіне қол жұмсады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

Ресейдің Сургут қаласында 41 жастағы медбике-анестезиолог әріптестері мен басшылығының қысымына төзе алмай, өз-өзіне қол жұмсады. Күйеуі жұбайының өзіне қол жұмсауына әріптестері итермеледі деп есептейді. Оның күдігін марқұмның таныстары мен әріптестері растап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті "Муксун.fm" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің Сургут қаласында 41 жастағы медбике-анестезиолог әріптестері мен басшылығының қысымына төзе алмай, өз-өзіне қол жұмсады. Күйеуі жұбайының өзіне қол жұмсауына әріптестері итермеледі деп есептейді. Оның күдігін марқұмның таныстары мен әріптестері растап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті "Муксун.fm" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

21 қазанда медбикенің күйеуі Радик Тәшмағамбетов бес жасар қызын балабақшадан алып келгенде үйден әйелінің денесін тауып алған. Ол Сургут травматологиялық ауруханасының жансақтау бөлімінде жұмыс істеген. Күйеуі әйелінің өзін-өзі өлтіруге итермелегеніне сенімді, өйткені соңғы айларда ол Сургут клиникалық травматологиялық ауруханасының басшылығы тарапынан психологиялық қысымға ұшырағанын айтады. Марқұмның күйеуі әйелі жұмыста өзін қорлағанын жиі айтып шағымданғанын еске алды.

"Ол шыдай алмай еңбек комиссиясына арызданды. Олар жағдайды анықтауы керек еді. Әріптестері арызды кім жазғанын анықтаған, одан кейін қудалау басталды. Бір аптадан кейін қысымға шыдай алмай жұмыстан шығуға арыз жазды. Бірақ ол жұмыстан шықпас бұрын екі апта жұмыс істеу керек болды. Екі апта шыдай алмай бар болғаны бір апта жұмыс істеді. Сіздерден өтініп сұраймын, осы сұмдық істі тексеріңіздер. Кінәлі адамдар тиісті жазасын алсын", - деді Радик Тәшмағамбетов әлеуметтік желіде жариялаған видеоүндеуінде.

Реклама
Реклама

Марқұмның күйеуі қайғылы оқиға болған күні жұбайы қызын балабақшаға, ал өзін жұмысқа апарғанын айтты. Ол оларды кешке алып кетуі керек еді, бірақ ол келмеген. Қызды анасы алып кетпегенін білген күйеуі балабақшаға хабарласқан. Ол жұмыстағы әріптесіне апаруын өтініп, қызын ертіп, үйіне келгенде әйелінің мәйітін тауып алған.

Полицейлер тексеру жүргізіліп жатқанын айтты. Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Бұған қоса, Аяжанның әріптестері мен күйеуі облыс әкімі Наталья Комарова мен Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкинге марқұмның өз-өзіне қол жұмсауға итермелегенін айтып, арызданған. Аурухананың бас дәрігері Дмитрий Гарайс денсаулық сақтау басқармасы мен Тергеу комитеті тексергеннен кейін ғана жағдайға түсініктеме беретінін айтып, түсініктеме беруден бас тартты.

Күйеуінің айтуынша, аурухана ұжымындағы кикілжің 2020 жылы басталған. Әйелі оған коронавирус жұқтырған науқастармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы төлемейтінін айта бастаған. Қызметкердің шағымына наразы болған жансақтау бөлімінің бас медбикесі орынсыз қорлап, балағаттап, жұмыстан шығарамын деп қорқыта бастаған.

"Пандемия басталғанға дейін әйелім аға медбике медбикелер тобымен дөрекі сөйлесетінін айтатын. Алайда 2020 жылы ол жиі шағымдана бастады. Ол аурухананың басқа бөлімшесіне ауыса алмады, себебі медбике-анестезистерге тиесілі жеңілдетілген зейнетақы алу үшін жұмысын сонда аяқтағысы келді", - деп түсіндірді полицейлерге Радик Тәшмағамбетов.

Басылым мәліметінше, шағымдар осы жаздан бастап күн сайын көбейе түскен. Радик 2021 жылдың тамыз айында медбикелер бригадасы травматология орталығының бас дәрігері Дмитрий Гараиске аға медбикенің үстінен шағыммен жүгінгенін біледі. Қысымға байланысты көпшілігі жұмыстан кеткісі келді. Марқұм бас дәрігерден шара қолдануын өтінгенде, ол жұмыстан шығуды ұсынған. Осыдан кейін ұжым еңбек инспекциясына арыз жазып, оған Аяжан мен басқа медбикелер қол қойған.

Марқұмның танысы мен әріптесі жағдай пандемия кезеңінде нашарлағанын растады.

"Пандемия басталған кезде ауруханада медициналық қызметкерлердің тапшылығы қатты байқалды. Персоналдың 25-30 пайызы жетіспейді. Анестезиологтар бір жарым күн жұмыс істейді. Келіспегендерге өз еркімен жұмыстан шығуды ұсынады", - деді Аяжанның әріптесі.

Сондай-ақ, марқұмның танысы мен әріптесі Аяжанның медициналық мекемеде есірткіге қатысты алаяқтық болғанын дәлелдейтін құжаттарға қолжеткізгенін айтты. Ол өзін қорғау үшін құжаттарды суретке түсіріп алған.

"Қыркүйекте медициналық мекемеге жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмек туралы арыз түсті, бірақ тексеру тағайындалғанда бәрі жасырын болғандықтан, ешқандай заңбұзушылық анықталмады. Сондықтан шағым жартылай қанағаттандырылды", - дейді Аяжанның әріптесі.

Аяжанның танысының айтуынша, марқұм бас дәрігерге аға медбикенің балағат сөздерін айтқан. Бірақ ол травматологиялық аурухананың заңгерлері Аяжанды ұжымға іріткі салғаны үшін сотқа береді деп қорқытқан. Және ол 10 жылға бас бостандығынан айырылатынын айтқан. Осындай қоқан-лоқылардан кейін Аяжан жұмыстан босату туралы өтініш берген, өйткені содан кейін жұмыста адам төзгісіз болған. Бірақ әйел белгіленген екі апта жұмыс мерзімін аяқтай алмай, күйеуі мен бес жасар қызын қалдырып, қайтыс болды.

Аяжанның қазасы туралы естіген әріптестері Радик Тәшмағамбетовке хабарласып, Аяжанға шынымен де, жұмыста қысым жасалғанына куәгерлік етуге дайын екенін айтқан. 

"Менде ұжымның, менің және әйелімнің әріптестерінің жұмыстағы қысым туралы жазылған бейне үндеу бар. Бұл видеоны "Человек и закон" телебағдарламасына, "Соловьев лайф" бағдарламасына жібереміз. Маған кінәлілер жазасыз қалғаны керек емес. Мен әділдікті қалаймын!" – деп түйіндеді марқұм медбикенің күйеуі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная