ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қаңтар 2021 | 10:44
Ресейде митинг кезінде әйел адамды тепкен сарбаз кешірім сұрады
Навальныйды қолдау акциясы кезінде Петербург қаласының 54 жастағы тұрғыны Маргарита Юдинаның ішінен тепкен ерекше мақсаттағы милиция жасағының сарбазы кешірім сұрап, ауруханаға бір шоқ гүлімен келді. Видеоны Mash Telegram-арнасы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Навальныйды қолдау акциясы кезінде Петербург қаласының 54 жастағы тұрғыны Маргарита Юдинаның ішінен тепкен ерекше мақсаттағы милиция жасағының сарбазы кешірім сұрап, ауруханаға бір шоқ гүлімен келді. Видеоны Mash Telegram-арнасы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әйел адам үш сарбаз митингіге шыққан адамды ұстап, алып бара жатқан кезде оны не үшін ұстағандарын білмек болған кезде соққыға жығылған. Сарбаз Маргарита Юдинаның ішінен тепкен, артынша әйел адам басымен асфальтқа соғылған.
Палатаға келген сарбаз өз әрекетін түсіндірген.
"Сізден кешірім сұрағым келеді, өте ауыр күн болды және фактілерді енгізу... Оқиға болардан бес минут бұрын маған газ шашып жіберді, көз алдым тұмша болып, не болып жатқанын көре алмадым. Рас айтамын, мен үшін бұл таңғаларлық жайт. Не болғанын естіген кезімде, мен үшін ол үлкен трагедия болды", - деді сарбаз.
Видеода полицейдің қалқаны ашық болғанын көруге болады.
"Ол енді адреналин ғой. Уайымдамаңыз. Бәрі тірі, қандай әдемі гүлдер, бақытгүлі. Жарайды, ештеңе етпейді", - дейді жәбірленуші әйел адам.
24 қаңтарда күндізгі уақытта РИА Новости Маргарита Юдинаның жағдайы нашар екенін хабарлаған болатын. Алайда астана уақыты бойынша сағат 21.30-да ол ауруханадан шыққан. Санкт-Петербургтегі қоғамдық тәртіпті қорғауды ұйымдастыру және атқарушы органдармен өзара іс-қимыл бөлімінің бастығы Сергей Музыка да әйел адамнан кешірім сұрады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также