Ресейде мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Ресейде мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

Украина шекарасына жақын Новошахтинск қаласындағы ресейлік мұнай өңдеу зауытында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Украина шекарасына жақын Новошахтинск қаласындағы ресейлік мұнай өңдеу зауытында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Желіде оқиғаның видеосы тарады. Кадрлардан зауытқа белгісіз ұшқышсыз басқарылатын ұшақ қалай соғылғанын көруге болады.

Назар аударыңыз, видеода былапыт сөздер айтылған!

Жарнама
Жарнама

"Сағат 9: 25-те Красносулин ауданында орналасқан Новошахтинск мұнай өнімдері зауытының АВТ-1 (жылу алмастырғыш) қондырғысында, ФАД А-270, 882-шақырымда өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген облыс бойынша ТЖМ хабарламасында.

Сондай-ақ, мұнай өңдеу зауытындағы өрт аумағы 50 шаршы метр болғаны, өрттің таралу қаупі жоқ екені айтылған.

"Новошахтинский мұнай өнімдері зауыты" - Ростов облысында жұмыс істеп тұрған жалғыз мұнай өңдеу зауыты. Зауыт мазут, пеш, кемеге отын және дизель отынын, бензин өндіруге мамандандырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама