Ресейде оқушылар сәби жатқан арбаға петарда лақтырған
Ресейдің Тверь қаласында мектеп оқушылары 10 айлық сәби жатқан арбаға петарда лақтырған. Ресей тергеу комитетінің өңірлік басқармасы жергілікті БАҚ-та тараған хабарламаны тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"БАҚ мәліметінше, 27 желтоқсанда Тверь қаласындағы Маршал Конев көшесінде орналасқан үйдің кіреберісінде мектеп оқушылары он айлық сәби жатқан арбаға петарда лақтырған", - делінген хабарламада.
Сәбидің анасы петарданы арбадан сілкіп, қыз баланы қолына алып үлгерген, бала оқиға салдарынан зардап шеккен жоқ.
"БАҚ-та айтылған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеуалды тексеріс жұмыстары ұйымдастырылды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді комитеттегілер.