29 мамыр 2020 | 09:18

Ресейде пандемия басталғалы коронавирус тіркелмеген қала анықталды

Саянск қаласы © instagram/sayanskzima

Иркутск облысындағы 40 мың тұрғыны бар Саянск қаласы - карантин алынып, ресми түрде коронавирус анықталмаған ресейлік қаланың бірі, - деп хабарлайды "Комсомольская правда".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Иркутск облысындағы 40 мың тұрғыны бар Саянск қаласы - карантин алынып, ресми түрде коронавирус анықталмаған ресейлік қаланың бірі, - деп хабарлайды "Комсомольская правда".

Президент "жұмыс істемейтін күн" жариялағаннан кейін Саянск мэрі Олег Боровский қала экономикасына қауіп төнеді деген оймен оқшаулану режимін тоқтатқан. 

Реклама
Реклама

Қалада 6 сәуірден бастап балабақшалар, шаштараз, сауда орталықтары, спорт залдары ашылған. Сондай-ақ мейрамханалар тек жеткізу қызметі арқылы жұмысын жалғастырған. Сыртта адамдардың көбі маскасыз жүреді, алайда әлеуметтік қашықтықты сақтайтын көрінеді. Мэрдің сөзінше, пандемия басталғалы қалада коронавирус жұқтырған адамдар анықталмаған. 


Олег Боровский. © instagram/sayanskzima

Пандемияның алғашқы күндері мэр қатаң шара қолданған, тіпті қаланы біраз уақытқа жауып тастаған. Жолда блокбекет қойылған. Санитарлық жасақ ұйымдастырылған. 

Саянкстың кей тұрғындары қала сыртында қалып қойған. Басқа қалада, мысалы Иркутскте қалғандарды үйіне кіргізбеген. Боровскийдің сөзінше, вирус Ресейде тез тарауының себебі - қажет және қатаң шара қабылданбаған. 

Еске салайық, Ресей дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша үшінші орында - барлығы 379 мыңнан аса адам анықталған. Оның ішінде 4142 адам COVID-19-дан өқайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная