05 сәуір 2020 | 11:33

Ресейде пәтер иесі ауласында шулаған 5 адамды мерт қылды

Көрнекі сурет © pixabay.com

Рязан облысының полиция өкілдері бес адамды өлтірген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Рязан облысының полиция өкілдері бес адамды өлтірген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости

Касимов ауданы Елатьма аулында болған қылмыс туралы хабар сенбі 4 сәуірде 22:00-де түскен. Тергеу болжамы бойынша, күдікті балкон түбінде шулап тұрған жастарға алдымен ескерту жасаған.

Реклама
Реклама

Алайда сөзге келісіп қалған ер адам аң мылтығын алып, подъездге шығып, төрт жігіт пен бір қызға оқ атқан. Алған жарақат салдарынан бесеуі де оқиға орнында қайтыс болған. 

Күдікті оқиғадан кейін 2 сағаттан соң ұсталған. Мылтық күдіктінің үйінен табылған. Іс материалдары Тергеу комитетіне жіберілген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу күдіктіні қамауға алу туралы сотқа шағым түсірмек.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная