Ресейде пиротехника сақталған базардың өртенуі видеоға түсірілді

Фото: Baza телеграм-каналы

Ростов-на-Дону қаласында орналасқан базарда пиротехника сақталған павильон өртенді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ростов-на-Дону қаласында орналасқан базарда пиротехника сақталған павильон өртенді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Малое Зеленое Кольцо көшесіндегі "Классик" базарында өрт шыққаны туралы таңғы сағат 6:30-да белгілі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, төрт мың шаршы метр жер өртенген.

РФ ТЖМ хабарлауынша, екіқабатты павильонның аумағы - 3,2 мың шаршы метр.

Реклама
Реклама

Оқиға орнынан түсірілген видеодан петарда мен отшашудың жарылып жатқанын көруге болады.

Өрт қиындығы жағынан төртінші нөмір деп бағаланды. Оны 200-ге жуық адам 66 техниканың көмегімен сөндіріп жатыр. Новочеркасск, Аксай және Ростов өрт-құтқару гарнизондарының және мамандандырылған өрт-құтқару бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама