Ресейде сайлау учаскесінде өрт шығып, бюллетендер жанып кетті

Фото: Максим Блинов / РИА Новости

13 қыркүйекте бірыңғай дауыс беру күнінде Воронеж облысында сайлау учаскесіндегі бюллетендер жанып кетті, - деп хабарлайды ТАСС.

13 қыркүйекте бірыңғай дауыс беру күнінде Воронеж облысында сайлау учаскесіндегі бюллетендер жанып кетті, - деп хабарлайды ТАСС.

Басылымға бұл туралы аймақтағы сайлау комиссиясының төрағасы Сергей Канищев мәлімдеді.

Оның айтуынша, өрт түнде Солонецк ауылдық жерінде болған. Салдарынан ағаш ғимарат пен екі күнде дауыс берген 400-ге жуық бюллетен жанып кеткен. 

Реклама
Реклама

"Біз сейфтегі құжаттарға ештеңе болмайтын шығар деп үміттендік. Кем дегенде сайлаушылардың тізімі қалады деп. Бірақ өрт сөндірушілер сейфті шығарғанда ішінде тек күл қалған", - деді Канищев.

Өрт электр сымының тұйықталғанынан болуы мүмкін. Енді өрт болған жердің қасынан резерв учаске ашылды және тұрғындарды қайта дауыс беруге шақырып жатыр.

Айта кетейік, қазір Ресейде аймақтық дума депутаттарына мерзімінен бұрын дауыс беру жүріп жатыр. 20 субъектіде губернатор сайлауы, 11-інде парламент сайлауы өтеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама