28 желтоқсан 2020 | 17:19

Ресейде сегіз әскериді атып өлтірген Рамиль Шамсутдинов кінәлі деп танылды

©РИА Новости

Сегіз әскериді атып өлтірген және Байкал сыртындағы әскери бөлімде тағы екі адамды жарақаттаған сарбаз Рамиль Шамсутдинов кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сегіз әскериді атып өлтірген және Байкал сыртындағы әскери бөлімде тағы екі адамды жарақаттаған сарбаз Рамиль Шамсутдинов кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды РИА Новости

Дүйсенбіде Читадағы екінші шығыс аудандық әскери соты алқабилердің үкімін тыңдады. Бұған дейін сот талқылауы кезінде айыптаушы тарап Шамсутдинов кінәлі және кешірім берілмесін деп мәлімдеді.

Реклама
Реклама

"Екі және одан да көп адамды өлтірген және Байкал сыртындағы әскери бөлімде екі адамды жарақаттағаны үшін жедел уәкіл Шамсутдиновты бірауыздан кінәлі деп таныды", - деді сот өкілі.

Ресейде сегіз әскериді атып өлтірген Рамиль Шамсутдинов сотта соңғы сөзін айтты

Еске салайық, сарбаз Рамиль Шамсутдинов 2019 жылдың 25 қазанында Байкал сыртындағы Горный ауылындағы әскери бөлімде әскерилерді атып тастаған болатын. Жеті адам оқиға орнында, біреуі ауруханада қайтыс болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная