ПОДЕЛИТЬСЯ
23 желтоқсан 2020 | 09:21
Ресейде сегіз әскериді атып өлтірген Рамиль Шамсутдинов сотта соңғы сөзін айтты
Сегіз әріптесін атып өлтірген және Байкал сыртындағы әскери бөлімде тағы екі адамды жарақаттаған сарбаз Рамиль Шамсутдинов жасаған ісіне өкініп, сотта соңғы сөз сөйледі, - деп хабарлайды 72.RU.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сегіз әріптесін атып өлтірген және Байкал сыртындағы әскери бөлімде тағы екі адамды жарақаттаған сарбаз Рамиль Шамсутдинов жасаған ісіне өкініп, сотта соңғы сөз сөйледі, - деп хабарлайды 72.RU.
Айыпталушының сөзінше, ол қылмыс жасағысы келмеген.
"Мені сол жағдайға жеткізді. Өзім олай істегім келмеді. Қалай болғанын өзім де түсінбедім. Жасаған ісіме өкінемін", - деді Шамсутдинов.
Қорғаушы тарап қылмыс қызбалықпен жасалғанын айтып отыр. Қайғылы жағдайға аға лейтенант Данил Пьянковтың әрекеті себеп болғаны айтылады, ол 20 жастағы мерзімді қызметтегі сарбазды жарғыны жаттауға мәжбүр етіп, оған үш күн ұйықтауға мүмкіндік бермеген-мыс. Қорғаушының айтуынша, Шамсутдинов келісімшарт бойынша сержант Роман Ковалевтің зорлық әрекеттеріне ұшыраған.
Прокурор Шамсутдинов істі қызбалықпен жасаған жоқ деп, кешірмеуді сұрады.
Рамиль Шамсутдиновке қатысты сот үкімі жақын арада алқабилер алқасының шешімінен кейін жарияланады.
1 желтоқсандағы отырыста Шамсутдинов аға лейтенант Данил Пьянковтың әйелінен кешірім сұраудан бас тартты, бірақ басқа қайтыс болған әскерилердің туыстарынан кешірім сұрады.
Еске салайық, сарбаз Рамиль Шамсутдинов 2019 жылдың 25 қазанында Байкал сыртындағы Горный ауылындағы әскери бөлімде әскерилерді атып тастаған болатын. Жеті адам оқиға орнында, біреуі ауруханада қайтыс болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также