ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қыркүйек 2017 | 09:22
Ресейде табылған адамжегіштер отбасына қатысты адамшошырлық жаңа деректер шықты
Краснодарда ерлі-зайыпты Дмитрий мен Наталья Бакшеевтер адам өлтірді және етін азыққа пайдаланды деген күдікке ілінді. "Краснодарлық адамжегіштерге" қатысты қылмыстық істі тергеу барысында адамшошырлық деректер шығып отыр.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Краснодарда ерлі-зайыпты Дмитрий мен Наталья Бакшеевтер адам өлтірді және етін азыққа пайдаланды деген күдікке ілінді. "Краснодарлық адамжегіштерге" қатысты қылмыстық істі тергеу барысында адамшошырлық деректер шығып отыр.
Ресейлік БАҚ-тарға сенсек, ерлі-зайыпты осы уақытқа дейін 30 адамды өлтіріп, мәйітін жеп қойған. Алайда полицейлер Кемеров облысының азаматшасын өлтіру және денесін бөлшектеу дерегін ғана анықтаған. Адамжегіштер жайлы құқық қорғау органдары кездейсоқ біліп қалған - күдіктілер сұмдық істерінің суреттері бар ұялы телефонын жоғалтып алған.
Ажамжегіш ерлі-зайыптының құрбаны - Кемеров облысының тұрғыны. © bloknot.ru
"Блокнота-Краснодар" редакциясы ерлі-зайыптының қандай тұрмыс кешкенін анықтапты. Бакшеевтер отбасының көршілері олардың кісі өлтіріп, адам етін азыққа пайдаланғаны туралы үш ұйықтаса ойына келмейтін, қарапайым тұрмысы болғанын айтып отыр.
"Ол жақта аз ғана тұрдым, оларды бірнеше рет қана көрдім. Бойынан алабөтен ой байқамадым. Қарапайым адамдар, - дейді көршісі. - Мұны көргенде өзім есеңгіреп қалдым. Өткен жылдың күзінде бір айдай ғана тұрдым. Ешкіммен байланысқа да түспегенмін. Бұдан басқа айтарым жоқ".
Тағы бір көршісі "адам жейтін" тұрғын жайлы былай дейді: Сырттай өте салмақты адам, оның осындай сұмдыққа баратыны туралы ой келмейді. Біртүрлі күлетін. Ешкіммен сөйлеспейтін. Бір кезде менен кілт сұраған. Оған бір прораб келетін, басқа ешкімді көрмедім. Сырттай өзіміз сияқты қарапайым адам".
p10 жылдан кейін Дмитрийдің қарындасы дүниеге келіпті. Көршілерінің айтуынша, бала қарындасын жақсы көрген, көп ойнайтын. Дмитрий жасөспірім кезінде анасы қатерлі ісіктен қайтыс болған. Оның қазасынан кейін әкесі баласына асыранды екенін мойындаған. Асырап алу туралы ойды қайтыс болған шешесі бастағанын, ал ендігіде өзіне бала қажет емес екенін айтқан. Сөйтіп, Дмитрий әкесінің пәтерінен көшіп кеткен./p p18-ге толған Дмитрий Натальямен үйленіп, оның үйіне кіріп алған. Көршілерінің айтуынша, бала өте момын, көзге көрінбейтін болған, бірақ ешкім одан күдіктенбейтін. Әкесінің үйінен кетіп қалғаннан кейін ол көзден таса болыпты. /p pimg src="/userdata/images/u238/8d85b64abeac7be8e039b2e3514771eb.jpg" alt="" /br /emДмитрий Бакшеев. © Mash/em/p pЖурналистер оның әйелінің өмірінен де деректер келтіріп отыр. Ұсталғаннан кейін Наталья бірден клиникаға зерттеуге жатқызылыпты, алайда психикалық ауытқуы болмаған. Әйелдің тек тыс жағдайларға күтпеген әсері болған, оның жағдайын "реактивті" деп бағалапты. /p pӘлеуметтік желілерде Наталья Бакшееваға тиесілі бірнеше аккаунт табылған, онда әйел басқа фамилиямен жазылған. Әрбір парақшада оның және үй жануарларының суреттері болған. Аккаунттардың бірінде әйелдің Армавир медициналық училищесінде оқығаны жазылған./p pБірге оқыған құрбылары оны көңіл күйі әрдайым көтеріңкі, ашық қыз болғанын айтады. "Өміріне қуанып, жақсы оқыған. Бірге көп жылдарды өткердік... Бұл өмірде көрмеген азабы жоқ", - деп еске алады Натальяның құрбысы./p pБірнеше жыл бұрын әйел жазғы училищенің санитарлық бөлімінде медбике болып қызмет етіпті. "Көп ішкен, алайда тамаша маман, жауапты, сосын алкоголь түбіне жетті", - деп әңгімеледі "Московский комсомолец" басылымына бұрынғы қызметтесі. /p pimg src="/userdata/images/u238/15aac1d1f2c9129e07ca98efac1c322c.jpg" alt="" /br /emНаталья Бакшеева. © Mash/em/p pГазеттің мәліметінше, әйел "краснодарлық каннибалмен" алты-жеті жыл бұрын, екінші күйеуі қайтыс болғанда танысқан. /p pMash порталының мәліметінше, күдіктілердің ересек ұлы бар. Ер адам 12 жасынан бері отбасымен бірге өмір сүрмейтінін, олардың араққа салынғанынан кейін атасы мен әжесінің қолында тұрып келгені айтты. /p pimg src="/userdata/images/u238/c85b9c7aafc4b8fc6779148416ed2bf6.jpg" alt="" /br /emКраснодарлық каннибалдардың пәтерінен табылған зат. © Mash/em/p pАл RT телеарнасы Бакшеевтердің Краснодардағы жатақханасынан видео жариялады. Видеодан үйдің астаң-кестеңі шыққанын байқауға болады. /p piframe src="https://www.youtube.com/embed/PVsI24q2A0Q?rel=0"?rel=0"?rel=0"?rel=0" width="686" height="416" frameborder="0" allowfullscreen="allowfullscreen">
Показать комментарии
Читайте также