27 қыркүйек 2017 09:22

Ресейде табылған адамжегіштер отбасына қатысты адамшошырлық жаңа деректер шықты

Краснодарда ерлі-зайыпты Дмитрий мен Наталья Бакшеевтер адам өлтірді және етін азыққа пайдаланды деген күдікке ілінді. "Краснодарлық адамжегіштерге" қатысты қылмыстық істі тергеу барысында адамшошырлық деректер шығып отыр. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Краснодарда ерлі-зайыпты Дмитрий мен Наталья Бакшеевтер адам өлтірді және етін азыққа пайдаланды деген күдікке ілінді. "Краснодарлық адамжегіштерге" қатысты қылмыстық істі тергеу барысында адамшошырлық деректер шығып отыр. 

Ресейлік БАҚ-тарға сенсек, ерлі-зайыпты осы уақытқа дейін 30 адамды өлтіріп, мәйітін жеп қойған. Алайда полицейлер Кемеров облысының азаматшасын өлтіру және денесін бөлшектеу дерегін ғана анықтаған. Адамжегіштер жайлы құқық қорғау органдары кездейсоқ біліп қалған - күдіктілер сұмдық істерінің суреттері бар ұялы телефонын жоғалтып алған. 

Реклама
Реклама


Ажамжегіш ерлі-зайыптының құрбаны - Кемеров облысының тұрғыны. © bloknot.ru

"Блокнота-Краснодар" редакциясы ерлі-зайыптының қандай тұрмыс кешкенін анықтапты. Бакшеевтер отбасының көршілері олардың кісі өлтіріп, адам етін азыққа пайдаланғаны туралы үш ұйықтаса ойына келмейтін, қарапайым тұрмысы болғанын айтып отыр. 

"Ол жақта аз ғана тұрдым, оларды бірнеше рет қана көрдім. Бойынан алабөтен ой байқамадым. Қарапайым адамдар, - дейді көршісі. - Мұны көргенде өзім есеңгіреп қалдым. Өткен жылдың күзінде бір айдай ғана тұрдым. Ешкіммен байланысқа да түспегенмін. Бұдан басқа айтарым жоқ".

Тағы бір көршісі "адам жейтін" тұрғын жайлы былай дейді: Сырттай өте салмақты адам, оның осындай сұмдыққа баратыны туралы ой келмейді. Біртүрлі күлетін. Ешкіммен сөйлеспейтін. Бір кезде менен кілт сұраған. Оған бір прораб келетін, басқа ешкімді көрмедім. Сырттай өзіміз сияқты қарапайым адам".