ПОДЕЛИТЬСЯ
25 сәуір 2021 | 14:56
Ресейде Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ жауынгерінің медальоны табылды
"Пионер" іздестіру тобы Ұлы Отан соғысына қатысқан және қаза тапқан қазақстандық жауынгердің төс медальоны тапты. Олар жауынгердің туыстарын іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Пионер" іздестіру тобы Ұлы Отан соғысына қатысқан және қаза тапқан қазақстандық жауынгердің төс медальоны тапты. Олар жауынгердің туыстарын іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Іздестіру тобы ақпаратты Instagram әлеуметтік желісіндегі bogdanov_group-парақшасында жариялаған.
Табылған медальондағы жазбаға қарағанда, ол 1906 жылы туған Комеш Жұмановтікі болған. "Отбасы, мекен-жайы" туралы мәліметінде Жуманова Малика, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қызылсай ауылдық округі, Киров ауданы жазылған.
"Медальон Тверь облысының Ржев ауданындағы Бельково шатқалынан табылды. Бұл 114-ші жеке атқыштар бригадасының шабуыл жасайтын орны", - деді іздеушілер.
Кейін іздестіру тобының мүшелері Комеш Жұмановқа тиесілі тағы бір медальонды тапқан.
"Кеше табылған екінші медальон зертелді. Бір қызығы, ол да Қазақстан, Ақмола облысы тұрғыны Жұманов Комешке тиесілі. Жауынгер ол туралы ақпарат жоғалып кетпей туыстарына жеткенін қалаған. Отбасы табылады деп үміттенеміз", - делінген іздеу жүйесіндегі жазба сипаттамасында.
Бұған дейін Калуга облысында "Искатель" іздестіру жасағы Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан қазақстандық барлаушы Павел Максимович Медведевтің мүрдесін тапқан еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также