ПОДЕЛИТЬСЯ
19 маусым 2021 | 11:10
Ресейде ұшақ апат жағдайында қонды: қаза тапқандар бар
Кемерово облысында Л-410 ұшағы апатты жағдайда қонды, қаза тапқандар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кемерово облысында Л-410 ұшағы апатты жағдайда қонды, қаза тапқандар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар қызметі өкілінің айтуынша, оқиға Промышленный ауданындағы Журавлево ауылының маңында болған. Бастапқыда бортта 20 адам отырғаны хабарланған: 18 адам жарақат алды, екі ұшқыш қаза болды.
Кейінірек Төтенше жағдайлар қызметі қаза тапқандар мен зардап шеккендердің санын анықтады, 15 адам зардап шегіп, төрт адам мерт болғаны хабарлады.
Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны артты.
"Әуе кемесінде 20 адам болған, олардың 7-і қаза тауып, 13-і зардап шекті", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар қызметіндегілер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также