18 наурыз 2022 23:13

Ресейде YouTube бұғатталуы мүмкін - БАҚ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: © РИА Новости

Роскомнадзор Ресейде өткен аптада YouTube-ті бұғаттауы керек еді, бірақ Instagram-ның бұғатталуына байланысты шешім кейінге қалдырыдған болатын. Сондықтан бейнехостингке шектеу жақын күндері, бәлкім, бүгін де болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Келесі аптаның соңына қарай YouTube бұғатталады. Мен мұны сенімді түрде айта аламын. Осы аптада бұғатталуы керек еді, бірақ Instagram  бұғатталатын болғандықтан шешім кейінге қалдырылды", - деді дереккөз.

Сонымен бірге, ақпарат беруші бөгет бүгін де орын алуы мүмкін екенін айтты. Ведомство Роскомнадзордан ақпаратты растауды сұрады.

Реклама
Реклама

11 наурызда желі қолданушылары ресейліктерді зорлық-зомбылыққа шақыруға рұқсат бергендіктен, Ресейде Instagram-ға кіруге шектеу қойылды. 14 наурыздан бастап әлеуметтік желі толығымен бұғатталды. Наурыз айының басында Роскомнадзор ресейлік БАҚ-қа кіруді шектегеніне жауап ретінде Facebook-ті бұғаттады.

12 наурызда YouTube ресейлік мемлекеттік ақпарат құралдарын бұғаттай бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram