27 қаңтар 2022 | 16:27

Ресейдің атақты блогеріне іздеу жарияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:instagram.com/khiza_13

Ресейдің ішкі істер министрлігі Дағыстаннан келген блогер Хизри Запиров (Хиза) пен оның PR-директорына федералды іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің ішкі істер министрлігі Дағыстаннан келген блогер Хизри Запиров (Хиза) пен оның PR-директорына федералды іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Екеуі де қылмыстық кодекстің белгілі бабы бойынша ізделеді", - делінген хабарламада.

Хизаның PR-директоры Лусик Карапетян да іздеуде, оған Қылмыстық кодекстің белгілі бір бабы бойынша айып тағылған. Екеуі нақты қандай бап бойынша іздестіріліп жатқаны айтылмайды.

Реклама
Реклама

Запировтың Instagram парақшасында 8 миллионға жуық оқырман бар, ол түрлі пранк және автомобиль тақырыбына видеолар түсіреді. 

Лусик Карапетян - Запировтың PR директоры, оның әлеуметтік желіде 800 мыңға жуық оқырманы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная