23 маусым 2020 | 11:20

Ресейдің көрші елдерге территориялық шағымы жоқ - Путиннің баспасөз хатшысы

Фото: РИА Новости

Ресейдің көрші елдерге территориялық шағымы жоқ. Бұл туралы көрші ел президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің көрші елдерге территориялық шағымы жоқ. Бұл туралы көрші ел президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Журналистер Песковтан Путиннің "орыс халқының сыйлықтары" туралы және оны қайтару керегі туралы сұхбатын түсіндіріп беруді сұрады. БАҚ өкілдері Ресейге қандай сыйлықтар қайтарылуы керегін сұрап білді.

Реклама
Реклама

"Президент сыйлықтар туралы айтқан жол, ол Конституцияда бұрын жіберілген қателер туралы айтқан. Ол біздің мемлекетіміз үшін жағымсыз салдары болатын оқиғалардың даму нұсқаларын қарастырмаған", - деді Песков Путиннің "Россия 1" телеарнасындағы "Россия. Кремль. Путин" фильмінде айтқан сөзіне пікір білдіре отырып.

Песков Ресей президенті Владимир Путиннің сөздеріне түсініктеме бере отырып, осыған дейін аумақты иеліктен шығару мүмкін еместігі туралы Конституцияға түзету бұрынғы Конституциялардағы жүйелік қателерді түзетуге арналғанын айтты.

Айта кетейік, бұл фильм 21 маусымда көрсетілген болатын.

Еске салайық, мұның алдында Владимир Путин КСРО құрамынан шыққан республикаларға қатысты пікір білдірген еді. Бұл туралы ол "Россия 1" телеарнасында көрсетілген Павел Зарубиннің "Россия. Кремль. Путин" фильмінде айтқан болатын.

"Кеңес Одағы құрылған кезде келісімшартта шығу құқығы көрсетілді. Алайда рәсім жазылмаған. Осы жерде сұрақ туындайды: егер республика Кеңес Одағының құрамына кірсе, бірақ Ресейдің көптеген жерін, яғни Ресейдің тарихи территорияларын өз қолдарына алған болса, алайда кенеттен бұл Одақтан шығуға шешім қабылдады. Өзімен бірге орыс халқының сыйлықтарын алмай, қалай келсе, солай қайтуы керек еді. Алайда мұның барлығы жазылмаған. Мен қолданыстағы Конституцияға түзетулер енгізіп, дұрыс істеп жатқанымызға сенімдімін", - деген еді Ресей президенті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная