18 қазан 2021 | 11:19

Ресейдің Пермь өлкесінде мектеп оқушысы оқ жаудырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: ©РИА Новости

Ресейдің Пермь өлкесінде алтыншы сынып оқушысы мектепке оқ жаудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің Пермь өлкесінде алтыншы сынып оқушысы мектепке оқ жаудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Ресей ішкі істер министрлігінің Пермь аймағы бойынша бас басқармасы оқиға 8.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9.00) болғанын хабарлады.

"Пермь өлкесінің Октябрь қалалық округінің полиция бөліміне кәмелетке толмаған баланың мектеп қабырғасы мен төбеге оқ атқаны туралы хабарлама келді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жасөспірім ұсталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Құқық қорғау органдары алтыншы сынып оқушысының оқ ату себебін, қаруды қайдан алғанын анықтап жатыр.

Октябрь ауданы Пермь өлкесінің оңтүстігінде орналасқан, шамамен 26 мың тұрғыны бар.

Еске салайық, 20 қыркүйекте Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде студент атыс шығарған. РИА Новости агенттігінің соңғы ақпараты бойынша, алты адам қаза тауып, тағы 28 адам жарақат алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная