ПОДЕЛИТЬСЯ
20 желтоқсан 2020 | 10:30
Ресейлік журналист Венедиктов Никоновтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді
Ресейлік белгілі журналист және "Эхо Москвы" радиостанциясының бас редакторы Алексей Венедиктов Мемлекеттік Думаның депутаты Вячеслав Никоновтың Қазақстан аумағы туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресейлік белгілі журналист және "Эхо Москвы" радиостанциясының бас редакторы Алексей Венедиктов Мемлекеттік Думаның депутаты Вячеслав Никоновтың Қазақстан аумағы туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Журналист радиостанцияның тікелей эфирінде және YouTube-те хабар тарату кезінде Никоновтың сөздеріне пікір білдіре отырып, кейбіреулер "бұл туралы сөйлесуге дағдыланғанын" айтты.
"Бірақ Никонов ол Никонов емес қой. Ол, біріншіден, Мемлекеттік Думаның депутаты. Екіншіден, басқарушы партияның қызметкері және комитет төрағасы. Үшіншіден, Риббентроппен аумақты қайта бөлумен айналысқан Молотовтың немересі.
Сондықтан бұл үш есе ауыр реакция тудыртты. Тексермей, құр сөйлей беруге үйреніп қалғанбыз. Жауапсыздық. Біздің СІМ (Ресей) Никоновтың осы аймаққа барғанына ашуланды. Ол аларын алып тынды", - деді Алексей Венедиктов.
Айта кетейік, Алексей Венедиктовтың өзі 2015 жылы өзінің Twitter желісіндегі парақшасында Қазақстан туралы арандатушылық реплика жариялаған болатын. "Қазақстан 2025 жылға қарай латын әліпбиіне көшеді. Ал Солтүстік Қазақстан?" деп жазған еді.
Еске салайық, бұған дейін ресейлік "Бірінші арна" эфирінде Мемлекеттік Дума депутаты Вячеслав Никоновтың Қазақстан туралы айтқан сөзі желіде тараған еді. Депутат эфир барысында Қазақстан деген ел болмады деген еді.
Арман Давлетьяров ресейлік депутаттың даулы мәлімдемесіне пікір білдірді
"Қазақстан болған жоқ, Солтүстік Қазақстанда бұрын мүлде қоныстанбаған. Олар болған, бірақ оңтүстікке жақын. Шын мәнінде, Қазақстан территориясы - Ресей мен Кеңес Одағының үлкен сыйлығы", - деген еді Никонов "Большая игра" бағдарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также