20 қазан 2016 17:45

Ресейлік лоукостер Алматыға әуе рейсі билеттерін бес мың теңгеден сатып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© travel.ru © travel.ru

"Победа" әуе компаниясы Мәскеу-Алматы бағытындағы рейстерге билеттерді сата бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.тілшісі.


"Победа" әуе компаниясы Мәскеу-Алматы бағытындағы рейстерге билеттерді сата бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.тілшісі.

 Әуе компаниясының ресм сайтында хабарланғандай, Алматыға ұшу 2016 жылдың 18 қарашасынан басталды. 19 қарашада Самарадан Алматыға 999 рубльге (5 мың теңгедей) ұшып келуге болады. Әуе компаниясының Мәскеуден Алматыға жақын арадағы рейсі (18 қарашада, бір жаққа) 4 984 рубльден (26 мың теңгеден басталады). Ал ұшу бағыты Внуково әуежайынан басталып, Самарада бір тоқтап қайта ұшады.


"Победа" әуе компаниясы сайтының басты бетіндегі Алматыға рейстері туралы хабарламасы..

"Победа" - ресейлік бюджетті әуе компаниясы, "Аэрофлоттың" 100 пайыздық еншілесі.  Еуропалық одақ санкциясы салдарынан ұшуын тоқтатқан "Добролёт" орнына 2014 жылдың қыркүйек айында құрылған. "Победа" паркінде - 12 Boeing 737-800 ұшағы бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети