09 наурыз 2022 | 12:03

Ресейлік мұнайдан бас тарту Қазақстаннан жеткізілетін өнімге әсер етпейді - АҚШ Қаржы министрлігі

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

АҚШ-тың Ресейден мұнай және басқа да энергетикалық өнімдерді импорттауға тыйым салуы Қазақстанға әсер етпейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың Ресейден мұнай және басқа да энергетикалық өнімдерді импорттауға тыйым салуы Қазақстанға әсер етпейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"АҚШ Қаржы министрлігі Ресейден мұнай импортына салынған тыйымның Қазақстан мұнайын Ресей Федерациясының аумағы арқылы жеткізетін Каспий құбыр консорциумына (КҚК) қатысы жоқ екенін нақтылады", - деп жазды Financial Time журналисі Twitter-парақшасында.

Реклама
Реклама

АҚШ Қаржы министрлігінің сайтында импортқа тыйым салу Ресейде өндірілген және Ресей Федерациясы арқылы транзитпен әкелінетін барлық тауардың АҚШ-қа импортына қатысты екені көрсетілген.

"КҚК сияқты тарату жүйелері шикі мұнайдың әртүрлі көздерін ажырата алады, бұл Ресей Федерациясынан тыс жерлерден келетін шикі мұнайды бөлек сатуға және жөнелтуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

КҚК - ұзындығы 1,5 мың шақырымнан астам Каспий мұнай магистральдық құбырын салу және пайдалану үшін құрылған Ресей, Қазақстан компанияларының, сондай-ақ жетекші шетелдік өндіруші компаниялар қатысатын ірі халықаралық мұнай тасымалдау жобасы.

Айта кетейік, АҚШ Украинаға қатысты Ресейден мұнай және басқа да энергетикалық өнімдерді импорттауға тыйым салған болатын. Еуроодақ эмбаргоға қосылмады. Осының аясында әлемдік нарықта мұнай бағасы барреліне 130 долларға дейін көтерілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная