15 наурыз 2023 09:58

Ресейлік Су-27 Қара теңіз үстінде америкалық ұшқышсыз ұшақпен соқтығысты

Дина Шарипханова Корреспондент
© Military Factory

Ресейдің Су-27 жойғыш ұшағы Қара теңіз үстінде АҚШ Әуе күштерінің ұшқышсыз басқарылатын ұшағымен соқтығысып, нәтижесінде дрон зақымданды. Бұл туралы АҚШ-тың Еуропалық қолбасшылығы (EUCOM) хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға сейсенбіде, 14 наурызда болған. MQ-9 Reaper ұшқышсыз ұшағы Қара теңіз халықаралық сулары үстінде екі Су-27 жойғыш ұшағымен қатар ұшқан, сол кезде ресейлік ұшақтардың бірі "ұшқышсыз ұшақтың алдына әдейі ұшқан", содан кейін истребительдердің бірі ұшқышсыз ұшақтың құйрығына орнатылған Reaper пропеллеріне зақым келтірген. Ресей Қорғаныс министрлігі ұшқышсыз ұшақ Қара теңізге өзінің маневрі салдарынан құлады, ресейлік жойғыш ұшақтар онымен байланыста болмады деп мәлімдеді.

"Сағат 09:30 шамасында жылдам маневр жасау нәтижесінде MQ-9 ұшқышсыз ұшағы бақылаудан айырылып, су беткейіне соқтығысты. Ресей жойғыштары борт қаруын қолданбаған, олар ұшқышсыз ұшатын аппаратпен жанаспай, аэродромға аман-есен оралды", - делінген ведомствоның телеграм-арнасында.

Реклама
Реклама

Ресей мен америкалық ұшақтар Ресей Украинаға басып кіргеннен бері Қара теңіз үстінде ұшады, бірақ бұл өршуі мүмкін бірінші оқиға, дейді арна.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram