09 наурыз 2021 | 16:00

Ресейлік танымал жазушы қайтыс болды

Фото: vk.com @Татьяна Полякова (Петрова)

Ресейлік жазушы Татьяна Полякова 62 жасына қараған шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік жазушы Татьяна Полякова 62 жасына қараған шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Жазушы Валерия Сергееваның айтуынша, Татьяна Полякованың өліміне қатерлі ісік себеп болған.

Реклама
Реклама

"Таня Полякова өмірден озды... Осындай керемет адамды қатерлі ісікпен ауырады деп кім ойлаған. Жағдайы тұрақты болған кезде ол тіпті өмірі үшін күресті әзілге айналдырып жүретін... Ол жұмысын тоқтатпады, барлық нәрсеге қызығушылық танытты, оқыды", - деп жазды Сергеева ВКонтакте-парақшасында.

Татьяна Полякованы шығарып салу рәсімі 10 наурызда Владимирдегі монастырда өтеді.

Татьяна Полякова - шытырман оқиғалы детектив жұлдызы, елуден аса кітап авторы. Ол 1959 жылы 14 қыркүйекте Владимирде дүниеге келген. Иваново мемлекеттік университетін тәмамдағаннан кейін, болашақ жазушы 1997 жылы алғашқы кітабын жазбас бұрын 14 жыл қарапайым балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеді. Сатылған кітаптарының жалпы тиражы 30 миллион данадан асады. Ол 85-тен аса кітап жазды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная