ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2022 | 08:57
Ресейлік телеарна тікелей эфиріне күтпеген жерден белгісіз қыз плакат ұстап шықты
Ресейлік "Первый канал" телеарнасының жаңалықтары кезінде тікелей эфирге соғысты тоқтатуға шақыратын плакат ұстаған қыз шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash басылымына сілтеме жасап.

"Сіз күтпеген кибертеррор. "Первый канал" эфиріне өткір саяси мәндегі плакат ұстаған қыз шықты. Жаңалықтар тоқтатылмады.
Біздің ақпарат бойынша, теледиверсияны "Первый каналдың" қалалық бөлімінің редакторы ұйымдастырған. Оның есімі Марина Овсянникова. Қазір ол ұсталды, онымен полиция бөлімінде сөйлесіп жатыр", - делінген Mash-тың Instagram-парақшасында.
РИА Новости мәліметінше, "Первый канал" эфиріне бөтен адам шығып кеткеннен кейін телеарнада ресми тексеріс басталған.
"Время" бағдарламасының тікелей эфирі кезінде шынымен де, кадрға бөгде адам шығып кеткен оқиға болды, ішкі тексеріс жүргізіліп жатыр", - деп жазды сайт арнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также