Reuters: АҚШ әскери-теңіз күштерінің екі кемесі Тайвань бұғазына кірді

Сұлу Бөлек Корреспондент

АҚШ әскери-теңіз күштерінің екі кемесі Тайвань бұғазындағы халықаралық судан өтіп жатыр. Бұл туралы АҚШ-тың үш шенеунігі Reuters агенттігіне мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ әскери-теңіз күштерінің екі кемесі Тайвань бұғазындағы халықаралық судан өтіп жатыр. Бұл туралы АҚШ-тың үш шенеунігі Reuters агенттігіне мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттіктің хабарлауынша, бұл АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына байланысты Қытаймен қарым-қатынастың шиеленісуінен кейін алғаш рет болды.

Кейінгі жылдары америкалық әскери кемелер, кейде Ұлыбритания мен Канада сияқты одақтас мемлекеттердің әскери кемелері бұл бұғаздан үнемі өтіп, Бейжіңнің ашуын тудырды. Бұғазға Chancellorsville және Antietam крейсерлері кірді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Тайвань төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуіне тамыздың басында АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің аралға сапары себеп болған.

Бұдан кейін Қытай әскерилері Тайвань төңірегіндегі теңіз және әуе кеңістігінде жаңа әскери жаттығулар өткізетінін жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная